Өскемен
облачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    -6°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +13°
$
522.49
-5.82
601.07
-7.28
¥
73.34
-0.85
6.47
-0.08
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шемонаиха тұрғыны тігін кәсібін сәтті бастады

Жеке кәсіпкер Айым Қабылбаева "Ауыл аманаты" жобасы аясында кәсіп ашуға 8 миллион теңге несие алған

Усть-Каменогорск и ВКО / Шемонаиха (Шемонаихинский р-он) / Шемонаиха тұрғыны тігін кәсібін сәтті бастады
Фото:
"Amanat" партиясының ШҚОФ баспасөз қызметінен

Ол қазір ауылдастарын да жұмыспен қамтып отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жоба бойынша кәсіпкер "AMANAT" партиясының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бағдарлама бойынша 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, тігін цехін ашты. Алынған 8 миллион теңге қаражатқа заманауи кәсіби жабдықтар - тігін машиналары, матаның жиегін өңдеуге және қиюға арналған машина, DTF-принтер, түрлі тігін фурнитуралары мен қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды.

imgonline-com-ua-Resize-MUzFiy0CSg.jpg

Бүгінде шағын шеберханада ұлттық нақыштағы және заманауи үлгідегі киімдер тігіледі. Кәсіптің арқасында жаңа жұмыс орыны ашылып, жергілікті тұрғындардың еңбекпен қамтылуына мүмкіндік туды.

Тігін ісімен айналысуды ойға алғалы біраз болған. Алайда қолымда қаражат болмағандықтан кәсіп бастау мүмкін болмады. Қажетті құрал-жабдық сатып алу қиын болды. "Ауыл аманаты" жобасын естіген соң қатысуды жөн көрдім. Енді өз ісімді кеңейтіп, сапалы отандық өнім шығаруға ниеттімін. Партия мен мемлекетке көрсеткен қолдауы үшін алғысым шексіз, - дейді Айым Қабылбаева.

Қазір кәсіпкердің ай сайынғы таза табысы шамамен 300 мың теңгені құрап отыр. Бұл жоба ауыл әйелдерінің кәсіпкерлік әлеуетін арттырумен қатар, өңірдің экономикалық дамуына да үлес қосуда.

Следующая →