Өскемен
ясно
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Алматы
    +13°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +9°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +2°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +13°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +14°
$
538.56
+0.44
625.65
-1.37
¥
75.65
+0.09
6.62
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Волчанка ауылында салынып жатқан амбулаторияның сапасы сын көтермейді

"AMANAT" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жұмыс тобы Шемонаиха ауданына қарасты Волчанка ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылыс нысанында мониторинг жүргізді

Усть-Каменогорск и ВКО / Шемонаиха (Шемонаихинский р-он) / Волчанка ауылында салынып жатқан амбулаторияның сапасы сын көтермейді
Фото:
"Amanat" партиясының ШҚОФ баспасөз қызметінен

Тексеру барысында бірқатар олқылықтар анықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ауыл тұрғындары үшін аса қажетті әлеуметтік нысан – амбулаторияның құрылысы баяу жүріп жатыр. Оның үстіне объектідегі орындалған жұмыстардың сапасы нашар: электр сымдары салбырап ілініп тұр әрі электр қуаты тартылмаған, өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмаған, қабырға плиталары дұрыс бекітілмеген.

Жұмыс тобы құрылыс барысында қолданылған материалдардың сапасына күмән тудыратынын атап өтті. Орнатылған есіктерді конденсаттың әсерінен тот басқан. Территорияда төселген асфальттың беті үгітіліп жатыр. Жалпы аумақтың абаттандырылуы да көңіл көншітпейді.

Бұл халықтың денсаулығына қатысты маңызды әлеуметтік нысан. Әрбір осындай құрылыс сапалы әрі қауіпсіз болуы тиіс. Партия бұл мәселені өз бақылауына алады және тиісті органдарға нақты ұсыныстар енгізеді, – дейді "AMANAT" партиясының ШҚО филиалы төрағасының міндетін атқарушы Аманбай Нұркенов.

Следующая →