Шемонаиха ауданының әкімдігі "Үміт" үйінің тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады
"Мейірім" акциясы аясында ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған көшпелі кездесу ұйымдастырылды

Ұлан ауданының Төменгі Тайынты ауылындағы "Царская Долина" лагерінде демалып жатқан "Үміт" балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Шемонаиха ауданы әкімдігінің қызметкерлері келіп құттықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Кездесуге Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары, ауылдық округтердің әкімдері, бөлім басшылары мен мекеме жетекшілері қатысты.
Балалармен Конституцияның мемлекетіміздің негізгі заңы ретіндегі маңызы, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы әңгіме жүргізілді. Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтар" жылы болып жарияланғаны атап өтілді. Осы орайда жастардың болашағын айқындайтын ерте кәсіби бағдарлау мәселесінің маңыздылығы ерекше айтылды, - дейді ұйымдастырушылар.
Мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері концерт қойып, ән мен биден шашу шашты.
Шемонаиха ауданы атынан балаларға жергілікті өндірушілердің өнімдерінен жасақталған азық-түлік себеттері тарту етілді. 50 жылдық еңбегіне орай "Үміт" орталығының директорына Шемонаиха ауданының Алғыс хаты табысталды. Сондай-ақ Шемонаиха ауданынан шыққан белгілі жазушы Анатолий Ивановтың кітаптары орталықтың кітапхана қорына тапсырылды. Оның "Вечный зов" және "Тени исчезают в полдень" атты шығармалары қордың бір бөлігіне айналып, тәрбиеленушілердің дүниетанымын кеңейтуге, әдебиет пен туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етпек.