Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +18°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +25°
$
536.76
+1.63
630.85
+3.41
¥
75.38
+0.33
6.45
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті

Осыдан 30 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды

Новости Казахстана / ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті
Фото:
t.me/aqorda_resmi

"Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы" атты ғылыми-практикалық конференция Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Шын мәнінде, Ата заңнан биік ештеңе жоқ. Себебі Конституция – мемлекеттігіміздің мызғымас тұғыры, Тәуелсіздігіміздің айнымас темірқазығы, - деп атап өтті мемлекет басшысы. - Қазақ – Ұлы дала заңына бас иген, ар-ұяттан аттамаған халық. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Әз Тәукенің Жеті жарғысы – нағыз дала заңының жарқын үлгілері. Осы дәстүр ешқашан үзілген емес. Жұртымыз дала заңынан қазіргі Ата заңына дейін тарихи жолдан өтті. Өткен ғасырдың басында қазақ зиялылары бұл іске елеулі үлес қосты. Кеңес заманында еліміздің құқықтық іргетасы қаланды, білікті заңгерлер шоғыры пайда болды.

1993 жылы егемен Қазақстанның алғашқы Ата заңы бекітілді, мемлекетіміздің конституциялық құрылымы айқындалды. Бірақ көп ұзамай жаңа тарихи ахуалға сай келетін жаңа Конституция қабылдау қажет болды. Осыған орай, арнайы кеңес құрылды, оған бір топ белгілі отандық заңгер мүше болып, белсенді жұмыс жүргізді. Шетелден шақырылған сарапшылар да осы маңызды іске атсалысты. Ата заңымыздың жобасын талқылауға миллиондаған азамат қатысты, мыңдаған ұсыныс келіп түсті.

Конституция туралы айтқанда, тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың табанды еңбегіне әділ баға беру қажеттігін атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. Өйткені ол Конституция қабылданған кезде Мемлекет басшысы ретінде шешуші рөл атқарды.

Осылайша, 1995 жылы 30 тамызда Тәуелсіздік төлқұжаты, яғни, Конституция қабылданды. Еліміздің басты заңына "Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы..." деген сөздер жазылды. Конституциямыз Тәуелсіздігімізді нығайтуға зор ықпалын тигізді, еліміздің одан әрі дамуына даңғыл жол ашты. Қазақстан дербес мемлекет ретінде әлем қауымдастығының белді мүшесі атанды. Әрине, уақыт бір орында тұрмайды. Отыз жылда түрлі себепке байланысты Ата заңға 6 рет түзету енгізілді. Бірақ ең басты конституциялық өзгеріс осыдан үш жыл бұрын жасалды деп айтсақ, орынды болар. Конституциялық реформаның арқасында еліміздің саяси-құқықтық жүйесі түбегейлі жаңа сипатқа ие болды. Сол кезде Конституцияға түзетулерді Парламент арқылы өткізу керек деген ұсыныс кеңінен айтылды. Бірақ күрделі болса да, басқа жолды таңдау жөнінде шешім қабылданды. Ел болашағына тікелей әсер ететін аса маңызды шешімдерді тек қана референдум арқылы қабылдау қажет деген ұстанымды міндетті түрде сақтау керек деп ұйғардым, - деді Президент.

Следующая →