Шемонаиха ауданындағы ауылда су құбыры тартылуда
Большая речка ауылына су тартуға қаржы облыстық, республикалық бюджеттен және арнаулы мемлекеттік қор есебінен бөлінген

Жалпы 355 тұрғынды таза ауызсумен қамту үшін 552,4 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО ішкі саясат басқармасы ақпараты бойынша, Шемонаиха ауданына қарасты Большая Речка ауылына су құбырларын тарту бойынша ауқымды инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда.
Жоба аясында ұзындығы 17,1 шақырымды құрайтын су құбыры желілерін тарту, жаңа (резервтік) су ұңғымасын бұрғылау, су тарту және су тарату нысандарын салу көзделген. Оның ішінде бірінші көтерілімдегі екі және екінші көтерілімдегі бір насос станциясы, сондай-ақ көлемі 75 м³ болатын екі таза су резервуарының құрылысы бар, - делінген ақпаратта. - 2024 жылдан бастап жобаны "Sem ARTA Stroy" ЖШС мердігер ұйымы жүзеге асырып жатыр. Өткен жылы облыстық бюджеттен 71 млн теңге бөлініп, толығымен игерілді. Ал биыл жобаға толық көлемде қаржы бөлінді: 200 млн теңге республикалық бюджеттен, 242,2 млн теңге арнаулы мемлекеттік қордан бағытталды.
Бүгінде жобалық 17,1 шақырымның 12 шақырымы төселіп, 86 құдықтың 46-сы орнатылды. Сонымен қатар, су ұңғымасын бұрғылау жұмыстары аяқталуға жақын, насос станцияларында жер қазу және іргетас құю жұмыстары басталды.
Құрылыс алаңында 26 маман және 6 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстарының 40% орындалды. 2025 жылдың қазан айында халыққа таза ауыз суды пайдаланады деп жоспарланған. Нәтижесінде Большая речка ауылындағы 355 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.