Зимовье ауылында мобильді интернет пайда болды
Глубокое аудандық әкімдігі есебінен антенна-мачталық құрылым орнатылды

Енді ауылда Tele2 / Altel 3G мобильді интернеті қолжетімді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет бекіткен "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы аясында еліміздің шалғай өңірлері сапалы байланыспен қамтылуда. Жобада үш негізгі бағыт айқындалған, соның бірі - цифрлық инфрақұрылымды дамыту. Бұл бағыт антенна-мачталық құрылғыларды орнату, талшықты-оптикалық байланыс желілері мен электр жеткізу желілерін тарту арқылы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар мен елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған.
ШҚО ішкі саясат басқармасы ақпаратына сүйенсек, Глубокое ауданына қарасты Зимовье ауылында "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС (сауда белгісі – Tele2 / Altel) операторы арқылы 3G мобильді интернетке қолжетімділік қамтамасыз етілді. Байланыс инфрақұрылымын дамыту мақсатында антенна-мачталық құрылым аудандық бюджет есебінен салынды.
Бүгінде Зимовье ауылының тұрғындары тұрақты мобильді байланыс пен интернет қызметін еркін пайдаланып отыр.