Шемонаихадағы көпқабатты үйлерге газ беру уақытша тоқтатылады
Өйткені газ жеткізу жүйесінде пайдаланылатын жабдықтар әбден тозған

1 мамырдан бастап 37 көпқабатты тұрғын үйде (1040 пәтерге) газ өшіріледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шемонаиха қаласында 13 газ тарату қондырғысы жұмыс істейді, олар 46 газ баллондарын қамтиды. 37 көпқабатты тұрғын үйді сұйытылған мұнай газымен осы қондырғылар қамтамасыз етеді. Алайда әкімдік деректері бойынша, қазіргі уақытта 1040 пәтердің тек аз бөлігі ғана газды пайдаланып отыр. Газ құбырының ұзындығы 5,5 км. Жүйеге "КАПАН" ӨКФ ЖШС (сенімгерлік басқару) негізінде қызмет көрсетеді.
Қыркүйекте жүргізілген техникалық тексеру нәтижесінде қысым реттегіштердің бұзылуы сияқты көптеген ақаулар анықталған. Мамандардың қорытындысы бойынша, жүйені қазіргі күйінде әрі қарай пайдалану тұрғындар үшін қауіпті. Осыған байланысты жабдықты толық ауыстыру ұсынылды, - деп мәлімдеді аудан әкімдігіндегілер.
Қазіргі уақытта Шемонаиха ауданының әкімдігі түпкілікті шешім қабылдау үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің қатысуымен қолданыстағы ГРУ-ларды қосымша зерттеу мәселесін қарастыруда.