Усть-Таловка балалары енді футболмен кәсіби түрде айналысатын болады
Усть-Таловка кентіндегі "Жұлдыз" спорт клубының базасында Өскемен қаласындағы BarS футбол мектебінің филиалы ашылды

Енді балалар кәсіби футболмен өз ауылдарында айналыса алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
BarS - ерекше оқыту әдістемесі бар, балалардың спорттық әлеуетін дамытатын, командалық рухты қалыптастыратын, болашақ чемпиондарды тәрбиелейтін мектеп. Енді 3 жастан бастап балалар футболға кәсіби түрде қатыса алады.
Бұл бастаманың жүзеге асуына "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Сайлаубек Омаровтың қолдауы зор екендігін баса айта кеткен жөн.
Кез келген спорт чемпионы ауылдан шығатындығы анық. Сондықтанда біз өз ауылымыздың балаларының бос уақытын тиімді пайдаланып спортпен айналысуына жағдай жасаумыз қажет. Балаларға кәсіби түрде футбол үйрететін орталық және жақсы жаттықтырушылар болса деген аудан тұрғындарының тілектері орындалып отыр, - дейді "AMANAT" партиясы Шемонаиха аудандық филиалының төрағасы Елена Шабанова.