Өскемен
облачно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    -5°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +11°
$
521.9
-1.30
593.5
-0.80
¥
71.47
-0.20
6.39
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен көшелерін жарықтандыруға бөлінген қаражатты жымқырған күдіктілер қамауға алынды

ҚМА ШҚО бойынша департаменті "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік-жекеше әріптестік аймақтық орталығы" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады

Новости Казахстана / Өскемен көшелерін жарықтандыруға бөлінген қаражатты жымқырған күдіктілер қамауға алынды
Фото:
Устинка LIVE

Олар бюджет қаражатын жымқыру, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстату фактілері бойынша күдікті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚМА ақпаратына сүйеніп.

2019 жылы "Өскемен және Семей қалаларындағы көше жарықтандыру жүйелерін жаңғырту" жобасы іске қосылды. Жоба аясында электр қуатын үнемдеу және жарық сапасын арттыру мақсатында ескі жарықтандыру құралдарын қуаты тиімді жарықдиодты шамдарға ауыстыру көзделген болатын.

Алайда лауазымды тұлғалар жобаны жүзеге асыру барысында жалған актілерге қол қою арқылы жабдықтар мен жұмыстардың құнын арттырған және жалпы сомасы 2,5 миллиард теңгеге техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін көшелерді жарықтандыру құралдарын қабылдаған, - деп мәлімдеді ҚР ҚМА. - Сонымен қатар, қылмыстық кірістерді жылыстату мақсатында "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік-жекешелік әріптестік аймақтық орталығы" АҚ басшысы компанияны сенімді адамының атына тіркеп, қаражатты жымқыру үшін қосалқы мердігерлік ұйым ретінде пайдаланған. Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа жалпы құны 265 миллион теңгені құрайтын элиталық жылжымайтын және жылжымалы мүлік сатып алынған, оларды ықтимал тәркілеуден жасыру мақсатында сенімді тұлғаларға рәсімдеген.

Сот санкциясымен аталған мүлікке тәркілеу мақсатында тыйым салынды.

Күдікті тұлғалар қамауға алынды.

Следующая →