Өскемен
ясно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +18°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +22°
$
480.61
+1.23
534.53
+2.90
¥
67.76
+0.18
5.28
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

500 бала ашамайға отырып, рекордтар кітабына енді

Абай облысындағы Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойында 500 бала бір мезетте ашамайға отырды

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / 500 бала ашамайға отырып, рекордтар кітабына енді
Фото:
t.me/abai_oblysynyn_akimdigi

Осылайша түркітілдес мемлекеттер арасында жаңа рекорд орнады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.

Ашамайға мінгізу - қазақтың бала өсіру және тәрбиелеуге қатысты ертеден келе жатқан дәстүрлерінің бірі.  Бұл ғұрып қазақ арасында балалардың жас-жыныстық жағынан жіктелуін айғақтайтын тіршілік цикліне қатысты салттарының бірі. Яғни, қыз балаға тұлым қою, құлақ тесу рәсімдері өткізілсе, ер балаларды сүндетке отырғызып, айдар қойып, алғаш рет атқа мінгізу рәсімін өткізген. Мұны "ашамайға мінгізу" не "ашамай тойы", енді бір аумақтарда "ат мінгізу тойы" деп те атаған.

Абай облысында да бүгінде ұмытыла бастаған дәстүрді жаңғыртып, балалардың бойына ұлттық құндылықты дарыту, мықты, табанды болып өсуге баулуды мақсат тұтқан.

Шараға Абай ауданына қарасты 9 ауылдық округтен 4 -15 жас аралығындағы балалар қатысты. Олар бұған 2 ай бойы дайындалған, - деп хабарлады Абай облысы әкімдігі.  - Нәтижесінде түркітілдес мемлекеттер арасында жаңа рекорд орнап, Қазақстанның рекордтар кітабына енді.

Қазақстан рекордтар кітабының өкілі Қуандық Құдайбергенов 500 баланы ашамайға отырғызудан рекорд орнатқаны үшін сертификат табыстады.

Следующая →