Өскемен
ясно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    +2°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +5°
$
495.2
-2.06
522.34
-2.87
¥
68.34
-0.35
4.94
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тарбағатайдың үш ауылында медпункт ашылады

Асусай, Жамбыл және Байтоғас ауылдарында медпункт құрылысы жүріп жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Аксуат (Тарбагатайский р-он) / Тарбағатайдың үш ауылында медпункт ашылады
Фото:
Устинка LIVE

Оған жалпы сомасы 590 млн теңге қаржы бөлінген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Тарбағатай ауданында медицина саласы қарқынды дамып келеді. Биыл аудан бойынша 3 жаңа медпункт ғимаратының құрылысы бой көтеруде. Жалпы қаражаты 590 млн теңгені құрайтын медпункт құрылыстары Тарбағатай ауданының Асусай, Жамбыл және Байтоғас ауылдарында жүргізілуде.

"Ауылдық денсаулық жаңғырту" ұлттық жобасы аясында салынып жатқан медпункт замануи, барлық құрал-жабдықтарымен қамтылатын болады. Былтыр Тарбағатай ауданының шекаралық Ахметбұлақ, Жаңаталап, Шолақорда, Қазақстан, Шорға Ақмектеп ауылдарында осындай жаңа медпункттер салынып пайдалануға берілген болатын. Сонымен қатар, Құйған мен Тәуке ауылындарында дәрігерлік амбулатория мен медициналық пункт ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын, - деп еске салды Тарбағатай аудандық әкімдігі.

Аудандық перзентхана ғиараты да былтыр 282,3 млн теңге қаражатқа күрделі жөндеуден өтіп, 280 млн теңге қаражатқа құрал-жабдықтар мен аппараттар алынған. Қазіргі уақытта перзентхана 2-деңгейге өтіп, халықтың игілігіне қызмет етуде. Сонымен қатар, биыл аудандық ауруханаға компьютерлік томография орнатылмақ. Ол үшін облыстық бюджеттен 453,9 млн теңге қаражат бөлінді.

Следующая →