Абай облысындағы оқушылар офлайн форматта оқып жатыр
Өңірінде барлық білім мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр
Қазіргі уақытта Абай облысындағы білім беру ұйымдарын су басу қаупі жоқ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі облыс әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Облыстың барлық аудан, қала мектептерінде оқушылар штаттық режимде оқып жатыр.
Облыстағы Бородулиха ауданы Переменовка орта мектебінде оқу барысы штаттық режимде өтіп жатыр. 2 сәуірден бастап, оқушылар мектепке оралды. Білім мекемесіне апаратын бірнеше көшеден еріген қар суы толығымен шығарылды, - деп хабарлады Абай облысының әкімдігі.
Айта кетейік, Абай облысында 302 білім беру ұйымы бар, онда барлығы 100 102 оқушы білім алады.