"Қалбатау-Майқапшағай" тасжолының бір бөлігін су шайып кетті
ШҚО мен Абай облыстарының арасындағы көлік қатынасы қиындады
Республикалық маңызы бар бұл жолда реконструкциялау жұмыстары жүріп жатқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ақпаратына сүйеніп.
29 наурызда ресбпуликалық маңызы бар "Қалбатау-Майқапшағай" тасжолының 1090-1092 шақырымын қызыл су шайып кетіп, көлік жүргізушілер өте алмай қалған.
Кешеден бері тасқын су тоқтап, жол жиектері мен беткейлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Су басқан учаскенің ұзындығы 1000 метр, ал судың тереңдігі 15-тен 20 сантиметрге дейін жетеді. Алдағы уақытта еріген суды қауіпсіз ағызып, жол жамылғысын сақтауға мүмкіндік беретін 13 көпір өткелін орнату жоспарланып отыр. Көпірлердің құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау көзделген, - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.