Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семейдегі киім базарында таңға жуық өрт шықты

Ең ірі киім базары - "Ақшыңдағы" өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Семейдегі киім базарында таңға жуық өрт шықты
Фото:
Абай облыстық ТЖД

Семейдегі ең ірі киім базарында өрт таңғы сағат 3.00 шамасында болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай аудандық ТЖД ақпаратына сүйеніп.

Ағымдағы жылдың 5 ақпаннан 6 ақпанына қараған түні өртке қарсы қызметке Засядко, 65 көшесінде өрт болғандығы туралы хабарлама келіп түсті, - деп мәлдімдеді ТЖД баспасөз қызметі. - 02 сағат 29 минутта оқиға орнына келген өрт сөндірушілер эскалатор ауданындағы бірінші қабатта бутиктер жанып, 2-қабаттағы үй-жайларға тарағанын анықтады.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі мен алдын ала алаңы анықталуда.

Қазіргі уақытта өртті жоюға жеке құрамның 349 адамы, 47 техника және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.

Абай облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау туралы еске салады.

Следующая →