Сейсмикалық қауіпсіздікке бөлінген қаржыны жымқырған
Шымкент қаласындағы Тұрғын үй басқармасының басшысы қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
Алдын ала болжам бойынша 120 млн теңге жымқырылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратына сүйеніп.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сейсмикалық қауіпсіздік, табиғи және техногендік сипаттағы басқа да төтенше жағдайлар саласында тексерулер жүргізуде.
Осындай тексерулердің нәтижелерімен Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасы басшысының м.а. қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, - делінген хабарламада. - Лауазымды тұлға қаланың 216 тұрғын үйінің сейсмикалық тұрақтылығын технологиялық тексеру жөніндегі жұмыстарды орындауға бөлінген аса ірі мөлшерде алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікті.
Залалдың алдын ала сомасы 120 млн теңгені құрайды.
Қатарлас қаржылық тергеу барысында шенеуніктің анасына ресімделген Түркістан облысының Қазығұрт ауылында монша кешенін салу арқылы жымқырылған қаражатты заңдастыру туралы нұсқасы тексеріледі, - деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Қазіргі уақытта ол Шымкент қаласының ПД УҰИ-да қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.