Бүгіннен бастап Семей мен Шар арасында пойыз қатынайды
"Семей – Шар" бағытында жолаушылар пойызы бүгін сағат 9.00-де жолғы шықты
Жаңа бағыттағы жол ақысы да қолжетімді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың бастамасымен "Семей – Шар" бағытында жолаушылар тасымалы үшін темір жол қатынасы ашылды. Бұл облыс орталығына жақын орналасқан елді мекен тұрғындарының қалаға тұрақты қатынасына қолайлы, - деп хабарлады Жарма ауданы әкімдігі.
Жолаушылар пойызының алғашқы сапары бүгін сағат 9.00-де теміржол станциясынан бастау алады. Жаңа бағыттағы пойыздардың бағасы жолаушылар үшін қолжетімді - 557 теңгені құрайды.
Бұл тек Шар қаласы тұрғындарына емес, теміржол бойында орналасқан тұрғындар үшін де қолайлы әрі тиімді болмақ.