Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әскери қызметші отқа оранған көпқабатты үйдің тұрғындарын құтқарды

Самат Мәкенов түн ортасында Семейдегі көпқабатты үйлердің бірінен өрт шыққанын байқап қалған

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Әскери қызметші отқа оранған көпқабатты үйдің тұрғындарын құтқарды
Фото:
pexels.com

Құтқарушылар жеткенше ол шырт ұйқыда жатқандарды оятып, өздері шыға алмағандарды жалыннан алып шыққан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп.

Семейде Өскемен гарнизоны әскери бөлімінің әскери қызметшісі аға лейтенант Самат Мәкенов өз өмірін қатерге тігіп, отқа оранған үйдің тұрғындарын құтқарып қалды.

Оқиға 11 қарашада орын алды. Әскери қызметшінің бұл ержүрек қимылы туралы құтқарылған азаматтардың ризашылығының арқасында бүгін ғана белгілі болып отыр. Сол күні түнгі он екі жарымда Самат жұбайымен бірге кинодан қайтып келе жатқан, - делінген хабарламада. - Герцен көшесіндегі үйлердің бірінің екінші қабатындағы өртті байқаған.

Әскери қызметші ширақ қимылдап, түтіндеп жатқан кіреберіске еніп, барлық пәтерлердің есігін қағу арқылы тұрғындарды оятады. Бұл кезде оның әйелі өрт сөндіру бөлімі мен жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалып үлгерген.

Тұрғындар пәтерлерден асығыс шыға бастайды. Тыныс алу үшін сыртқа шыққан Самат пәтерлердің бірінде қарт әйелдің қалып қойғанын байқайды. Ол қарияны терезеден шығарып алады.

Екінші қабаттан жылаған баланың дауысын естіген Самат өз өмірін қатерге тіге отырып, отқа оранған кіреберістен өтіп, өрт сөндірушілер келгенше отбасын жалынның ішінен аман алып шығады. Әскери қызметшінің уақтылы көмегінің арқасында жапа шеккендер жоқ, - деп хабарлады Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі.

imgonline-com-ua-Resize-bdDsfYfqx5RmdQ.jpg

Самат Мәкенов Абай облысы Көкпекті ауданы Луговое ауылында дүниеге келген. Педагогикалық университетті "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша бітіргеннен кейін жаттықтырушы болып жұмыс істеді. Содан кейін мерзімді әскери қызметін өтеген. Бүгінде Самат Мәкенов Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімде қызмет өткеруде. Отбасында ұл мен қыз тәрбиелеп отыр.

Бұл әрекетімді батырлық деп санамаймын. Менің орынымда болса, кез келген азамат қарап қалмас еді, - дейді Саматтың өзі.

Өрт кезіндегі батыл әрі шешуші әрекеті үшін аға лейтенант Самат Мәкенов марапатқа ұсынылды.

Следующая →