Астанада тағы бір қаржы пирамидасының жетекшілері жауапқа тартылды
"Antares" қаржылық пирамидасы әлеуметтік желі арқылы жарнама жасап, 33 адамды сан соқтырған

33 адам жалпы сомасы 245 млн теңгеден астам ақша салған, деп Устинка LIVE тілшісі Астана қалалық прокуратурасының ақпаратына сүйеніп.
Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен "Antares" қаржылық пирамидасының екі жетекшісінің мүліктері тәркіленіп, 5 жыл 6 ай және 6 жыл 6 айға бас бостандықтарынан айырылды, - деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасы.
Мемлекеттік айыптаушы барлық дәлелдемелерді ұсына отырып, сотталушылардың кінәсіздігі жөніндегі уәждерін жоққа шығарған.
Кінәлілер "Instagram" және "Telegram" әлеуметтік желілері арқылы қысқа мерзімде ақша табу мүмкіндігін жарнамалап, салынған ақшаны жылдық 300%-ға дейін көбейтуге уәде берген, - делінген хабарламада. - 33 адам пирамидаға 245 миллионнан астам теңге салған.
Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.
Үкім күшіне енді.