Сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберді
Оқиға Абай облысындағы Ақсуат ауданында жергілікті тұрғындардың бірінің үйінде болды
![Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберді Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберді](/upload/iblock/9d7/1tzxxxs8eeego91bhkhw7skpozvv7p3j/imgonline_com_ua_Resize_4kYPUFJ1OH.jpg)
Полицейлер шөпті екі бала өртеп жібергенін анықтады, деп хабарлады Устинка LIVE.
Жергілікті мектеп оқушылары сіріңкемен ойнап отырып, кездейсоқ шөпті өртеп жіберген.
Шығын көлемі 4 млн теңгені құрады. Балалар келтірген залалды олардың заңды өкілдері қалпына келтіруі керек, - деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаменті.
ҚР ҚК-ның 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Егер балалардың қараусыз қалуы нәтижесінде өрт біреуге зиян келтірген орын алса, онда ата-аналар бұл үшін заңда белгіленген тәртіппен жауап беретінін есте ұстаған жөн.