Семейдегі елді шошытып жүрген елес қыз ұсталды
Жексенбі күні кешке қаланың жерасты өткелдерінің бірінде 22 жастағы Семей тұрғыны "елес" костюмін киіп, қала тұрғындарын қорқытқан
Полицейлер қоғамдық жерде қала тұрғындарының тыныштығын бұзып, өтіп бара жатқан адамдарды келбетімен қорқытқан құқық бұзушының жеке басын анықтады.
Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін материал жиналды. Сот қаулысымен қыз кінәлі деп танылып, 69 000 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Абай облысының ПД.
Абай облысының полиция департаменті қоғамдық орындарда тәртіп сақтауды және азаматтардың тыныштығын бұзбауды сұрайды.