Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО ТЖД құтқарушылары орман аймағында ауқымды өрт-тактикалық жаттығу өткізді

Оқу-жаттығуға Шығыс қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов басшылық етті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО ТЖД құтқарушылары орман аймағында ауқымды өрт-тактикалық жаттығу  өткізді
Фото:
ШҚО ТЖД

Жаттығу жұмыстарының сценариі бойынша, "Қазавиақорғаудың" "Ми-2" тікұшағымен Ұлан ауданының Асубұлақ орман шаруашылығы аумағында мониторинг жүргізу кезінде өрт ошағы анықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Оқиға орнына бірінші орманшылар жеткенде өрт өрши түскен. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамның 96 адамы және 22 бірлік техника кіріседі.

Желдің екпіні өртті әп-сәтте өршітті. ШҚО ТЖД "Өрт сөндіру қызметінің", жергілікті атқарушы органдардың, орманшылардың, Ұлттық ұланның күштері мен құралдары қосымша көмекке келеді.

Өрт жақын жерде орналасқан демалыс лагеріне жақындай түсті. Азаматтық қорғау қызметтері балалар мен лагерь қызметкерлерін уақытша орналастыру пунктіне эвакуациялады.

Ұлан ауданының әкімі жергілікті ауқымдағы ТЖ жариялайды.

Сонымен қатар, орман аймағында өрт орнынан өздігінен кете алмайтын және медициналық көмекке мұқтаж 5 турист қалғаны туралы ақпарат келді. Оларға жедел-құтқару жасағының қызметкерлері мен Ұлттық ұланның жауынгерлері көмекке келеді. ШҚО ТЖД психологтары мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері оларға қажетті көмек көрсетті.

Оқу-жаттығуға Шығыс қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов басшылық етті. Жаттығу барысында өртті сөндіруге қатысушыларды тамақтандыру, ЖЖМ тасымалдауды ұйымдастыра отырып, өртті сөндіруге қатысушыларға арналған лагерь ашылды.

Біз орман аумағында ауқымды өрт-тактикалық жаттығу өткіздік. Өрт ошағында 68 бірлік техника және жеке құрамның 280-ден астам адамы жұмыс істеді. Отпен күрес бірден 4 учаскеде жүргізілді. Бұл ретте өрт сөндіру цистерналары, аспалы өрт сөндіргіштер қолданылды, отты қаққыштармен сабалап, топырақ төкті. Су көздері жоқ, жетуі қиын жерлерде, қатты соққан жел мен үнемі күрделене түскен жағдайды ескере отырып, бірлескен қимылдың арқасында 63 га аумақтағы өрт сөндірілді, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев.

Аталмыш жаттығулар өңірдегі шамамен 3,6 млн гектарды алып жатқан орман алқабындағы жануларға ден қою, барлық азаматтық қорғау қызметтерінің іс-қимылдарының үйлесімділігін пысықтау мақсатында өткізіледі.

Следующая →