Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семейде ядролық сынақ құрбандарын еске алды

Облыс орталығында Семей полигонының жабылуына арналған дәстүрлі "Бейбітшілік акциясы" өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Семейде ядролық сынақ құрбандарын еске алды
Фото:
Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен

"Невада-Семей" халықаралық антиядролық қозғалысының белсенділері, жергілікті атқарушы орган өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары "Өлімнен де күшті" монументіне гүл шоқтарын қойып, ядролық сынақ құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлады Абай облысының әкімдігі.

Шараға Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков қатысып, ядролық қарусыздану жер бетіндегі бейбітшілікті сақтау жолындағы маңызды қадам болғандығын атап өтті.

Отыз екі жыл бұрын біз бүкіл әлемге бейбіт өмірдің жарқын үлгісін көрсеттік. Қазақстан ядролық арсеналдан, ерікті түрде, бас тартты... Алайда, полигон жаңғырығы әлі де халық жадында, тарихи деректе, баспасөз беттерінде ауық-ауық көрініс табады. Саяси-мелитаристік бәсеке жолында, жазықсыз жапа шегіп, құрбан болған жерлестеріміздің асқақ рухы алдында басымды иіп, тағзым етемін!.. Бүгінде, киелі тәуелсіздіктің арқасында – егемен елдің жаңа тарихы жазылуда. Бір кездегі "үрей даласы" – бейбітшілік бесігіне айналды, - деді облыс әкімінің орынбасары.

Шара аясында халықаралық ядролық қарсы іс-қимыл күніне арналған көрме қойылды. Сондай-ақ, Абай облысының қалалары мен аудандарында түрлі акция, көрме, коференциялар ұйымдастырылды.

Семей полигоны осыдан 32 жыл бұрын, 1991 жылы 29 тамызда жабылды. Осылайша Қазақстан әлемде алғашқылардың бірі болып ядролық қарудан бас тартқан ел болды.

Следующая →