Өскемен
пасмурно
-8°
  • Өскемен
    -8°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -16°
  • Ақтөбе
    -17°
  • Актау
    +1°
  • Орал
    -5°
  • Қарағанды
    -21°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -15°
  • Қызылорда
    -8°
  • Павлодар
    -19°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    -10°
  • Туркестан
    -13°
  • Шымкент
    -10°
$
514.65
544.6
¥
70.84
5.17
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Болгарияда Семей полигонының жабылуына арналған фотокөрме ашылды

Биыл Семей ядролық сынақ полигоны жабылғанына 32 жыл толды

Новости мира / Болгарияда Семей полигонының жабылуына арналған фотокөрме ашылды
Фото:
gov.kz

Осыған орай Болгария астанасында фотокөрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚР Сыртқы істер министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Болгариядағы ең ірі мәдени-ағарту және ғылыми-қосалқы мекемелердің бірі – Софияның астаналық кітапханасында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне және Семей ядролық полигоны жабылуының 32 жылдығына арналған тақырыптық фотокөрме ашылды, - делінген хабарламада. - Аталған іс-шараға Қазақстанның Достар клубының мүшелері, қазақ диаспорасы, болгар жұртшылығы және БАҚ өкілдері қатысты.

Айта кетейік, фотокөрме 2023 жылдың 8 қыркүйегіне дейін ашық болады.

Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев фотокөрменің ашылу салтанатындағы сөзінде осы атаулы күннің біздің халқымыз үшін маңыздылығына және Қазақстанның әлемді ядролық қарудан азат құру саласындағы жаһандық бастамаларына ерекше назар аударды.

Өз кезегінде, астаналық кітапхананың директоры Юлия Цинзова ұйымдастырылған фотокөрме Қазақстанның ядролық қаруды таратпау саласындағы нақты ұстанымын және баға жетпес үлесін айқын көрсететінін атап өтті. Оның айтуынша, біздің еліміз әлемдік аренадағы жауапты мемлекеттің нағыз үлгісі болып табылады.

Естеріңізге салай кетейік, Семей полигоны 1991 жылы 29 тамызда жабылды. Совет одағы 40 жыл ішінде полигонда ядролық қарудың кем дегенде 468 сынағын өткізген. Полигонға жақын маңдағы елдімекен тұрғындары әлі күнге дейін радиацияның әсерінен туған аурулардан зардап шегіп, сәулеленудің салдары тұқым қуалап, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырғанын айтады.

Следующая →