Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семей машина жасау зауыты қызметкерлеріне жалақы төлене бастады

Қазір 106 қызметкерге ағымдағы жылдың қаңтар және ақпан айларының жалақысы өтелген

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Семей машина жасау зауыты қызметкерлеріне жалақы төлене бастады
Фото:
Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Семей машина жасау зауытының жаңа инвесторы – "Oljakol" ЖШС ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін қызметкерлердің жалақы берешегін толығымен қайтаруды жоспарлап отыр, деп хабарлады Абай облысының әкімдігі.

СМЗ жұмысшыларының еңбекақысының кешіктірілуі аймақтағы өзекті мәселелердің бірі деуге болады. Жағдай облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында, - делінген хабарламада. - Аймақ басшысы аталған даулы мәселені шешу үшін бірнеше рет арнайы кеңестер өткізіп, зауыт басшылығына кәсіпорын жұмысшыларының, соның ішінде еңбек шарты бұрын бұзылған қызметкерлердің жалақы берешегін өтеуді жеделдетуді тапсырды.

Облыс әкімдігі, жаңа инвестор мен жұмысшылар өкілдерінің бірлескен жұмысының арқасында мәселені шешудің нақты тетіктері қабылданды.

Мәселен, 2023 жылдың 10 шілдесінде "Oljakol" ЖШС мен "Семей машина жасау зауыты" АҚ еңбек ұжымы алдындағы қарызды өтеу және 2023 жыл ішінде жалақыны уақтылы төлеу туралы меморандумға қол қойды.

Бүгінгі таңда 106 қызметкерге ағымдағы жылдың қаңтар және ақпан айларының жалақысы өтелді. Меморандумға сәйкес қалған берешек сомма 2023 жылдың қыркүйек айының соңына дейін қайтарылады, - делінген Абай облысы әкімдігі мәлімдемесінде. - Қазіргі уақытта 2023 жылдың маусым айының жалақысын аударып жатыр. Маусым айы үшін айлық қаражат 17 шілдеге дейін төленеді.

Следующая →