"World Money" компаниясының жетекшілеріне қатысты тергеу басталды
Компания шарттары 20-50 мың теңге төлеп, артынан басқа қатысушыларды тарту – бұл қаржылық пирамида схемасы
Жыл басынан бері 130 адам компанияға тартылған, деп хабарлады ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі.
ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "World Money" компаниясының өкілдеріне қаржылық пирамида құрып, оны басқарды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Компанияның міндетті шарттарының бірі 21 мыңнан 53 мың теңгеге дейінгі қаражатты төлеп, басқа қатысушыларды, соның ішінде WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы тарту болды, - делінген хабарламада. - 2023 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде қаржы пирамидасына 130 адам тартылған.
Аумақтық департамент облыстық прокуратураның үйлестіруімен компанияның қызметін ерте бастапқы кезеңде тоқтатып, алданған салымшылардың санын азайтуға мүмкіндік берді.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.