Эвакуация пунктіндегі балаларға жазғы демалыс ұйымдастырылуда
Төтенше жағдайға байланысты Половинка, Талица және Бұлақ ауылдарынан Семеге 74 бала көшірілген
Өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған балаларға қазір тегін жазғы демалыс ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысы әкімдігінің ақпаратына сүйеніп.
Қазір олардың барлығы Семей эвакуациялық пункттерінде, оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетілуде.
Семейдегі эвакуациялық пункттерде 189 адам, оның ішінде 74 бала бар. Жалпы, қалада 800 адамға 9 эвакопункт бар.
Эвакуацияланған балалардың бос уақытын ұйымдастыру үшін күн сайын Абай музейіне, басқа да қалалық мұражайларға, биологиялық орталыққа, киноға, орталық саябаққа экскурсиялар ұйымдастырылады.
Күн сайын балалар үшін демалыс және ойын-сауық бағдарламалары әзірленуде. Сондай-ақ, балаларға арналған №49 орта мектеп базасында мектеп лагері жұмыс істейді. Онда білім беру сабақтарымен қатар оларға психологиялық қолдау көрсетіледі, - деп атап өтті эвакопункт өкілі Біржан Булабаев.