Зейнеткердің басынан балғамен ұрып, тонап кеткен
Абай облысында осындай озбырлыққа барған ер адам ұсталды
Ол қазіргі таңда уақытша қамау изоляторында отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE Абай облыстың ПД ақпаратына сүйеніп.
Наурыз айының соңында Әуезов полиция бөліміне облыс орталығының 74 жастағы тұрғыны қаланың сол жағалауында оны біреудің тонап кеткені туралы арызданды. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жеткен. Ер адам жәбірленушінің басын балғамен ұрып жіберіп, оның үш мың теңге ақшасын, алтын сырғасы мен телефонын иемденіп алған, - делінген хабарламада.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полицейлер күдіктіні “ізін суытпай” қолға түсірді. Ол осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын сотталған 43 жастағы ер адам болып шықты. Жауап алу барысында қаскөй өз кінәсін мойындады. Осы факті бойынша ҚР ҚК-ның 191-бабы 1-бөлігі ("Тонау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.