Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жыл басынан бері 22 автокөлік өртенген

Бүгін облыс орталығында тағы бір оқыс оқиға орын алды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да жыл басынан бері 22 автокөлік өртенген
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Орталық көшелердің бірінде қауіпсіздік шараларын сақтаамау салдарынан бір көлік өртке оранды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өскеменде Назарбаев даңғылындағы уақытша тұрақта 1987 жылы шыққан "Фольцваген-Гольф" автокөлігі өртенді. Қозғалтқыш бөлігінің жанғыш бөлшектері, аспаптар панелі жанып кетті. Өрт 2 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрттің алдын ала себебі - қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс істеу, қозғалтқыш бөліміндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Жалпы ағымдағы жылдың басынан бері Шығыс Қазақстанда 22 автокөлік өртенген.

ШҚО ТЖД оқыс оқиғалардың алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерді сақтау керектігін ескертеді. Мәселен, машинаның техникалық жағдайын мұқият қадағалаңыз, уақытында техникалық тексерістен өткізіңіз. Сондай-ақ, көлікті көлікжайға қойғанда ішінде тез тұтанатын заттар, 20 литрден астам жанармай қоры мен 5 литрден астам май болмауы қажет. Гараж ішінде құрғақ шөпті өртеуге де жол бермеңіз.

Ал егер көліктен өрт шықса не істеу керек:

1. Егер жолда келе жатсаңыз, көлікті тоқтатып жолаушыларды түсіріңіз және салоннан құжаттар мен өрт сөндіргішті алып шығыңыз
2. Егер өрт жанармай багының жанына жетсе, дереу қауіпсіз қашықтыққа кетіп, жаныңыздағыдарға қауіп туралы ескертуіңіз керек; 101 немесе 112 нөмірі арқылы өрт сөндірушілерді шақыру қажет
3. Егер өрт капот астынан шықса, өрт сөндіргіщ құрал немесе басқа за ыңғайлы затпен өртті сөндіруге тырысыңыз. Капотты абайлап ашқан жөн, өйткені сыртқы ауа жалынды күшейтуі мүмкін.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО ТЖД Көлік өртенді