Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Абай облысында ат спортынан алғашқы турнир өтті

Турниге 60-тан аса cәйгүліктер мен шабандоз қатысып бақтарын сынады

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Абай облысында ат спортынан алғашқы турнир өтті
Фото:
Семей қаласы әкімдігінен

Ат спорты маусымының ашылуына орай Семей қаласында ашық турнир өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Семей қалалық әкімдігі ақпаратына сүйеніп.

Турнирді Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Абай облыстық "Бәйге" федерациясы ұйымдастырды. Оған жаңа облыстың аудандары мен қалаларынан келген шабандоздар тай, құнан және аламан бәйге сындарынан тұратын қашықтыққа қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

Бұл жарыс түрі облысымыз құрылғалы бері алғаш рет өткізіліп тұр. Қалалық бәйгеден үздік шыққан жеңімпаздар облыстық турнирге жолдама алады. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, бәйгені тамашалауға келген көрермендердің саны көп болды. Болашақта басқа да ұлттық спорт ойындардан дәл осындай турнир өткізу жоспарымызда бар, - деп атап өтті спорт бөлімінің басшысы Бауыржан Дүйсенбаев.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері дене шынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздары, медальдарымен және кубоктарымен марапатталды. Сонымен бірге демеушілер атынан қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Следующая →