Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен Самсоновканың көшелеріне жаңа атаулар беріледі

Өскемендегі 18 және 20-шы аудандар мен Самсоновкадағы 19 көшеге атау беру ұсынылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен мен Самсоновканың көшелеріне жаңа атаулар беріледі
Фото:
редакция мұрағатынан

Бұл ұсынысты Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс отырысында облыс депутаттары жасады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Аталған көшелер аумағында бірқатар тұрғын үйлер салынып, құтқару қызметі қызметкерлерінің тұрғындардың мекенжайын таба алмауына байланысты атау беру қажеттігі туындауда. Депутаттар бұл көшелерде өндірістік және басқа да нысандардың жоқтығын атап өтті. Ұсынылып отырған 19 атаусыз көшеге халықтың пікіріне сәйкес, патриоттық рухты тәрбиелеу мақсатында Қазақстанның белгілі жер-су атаулары және дәстүрлі атаулары беріліп отыр.

Сонымен 20-тұрғын ауданындағы атаусыз көшесіне Жидебай, 18-тұрғын ауданындағы атаусыз көшесіне Медеу, Самсоновка ауылы маңындағы атаусыз көшелері Арғымақ, Наурыз, Айнакөл, Еділ, Дәстүр, Есіл, Аманат, Жайық, Балдырған, Серпер, Мереке, Көктем, Шарын, Кеген, Келешек, Масаты, Самал көшелері болып аталмақ.

Следующая →