Абай облысында 11 мектеп ашылады
"Жайлы мектеп" жобасы аясында Абай облысында 11 мектеп ашылады деп жоспарлануда
Оның 5-еуінің құрылысы биыл басталмақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Бес мектептің екеуі Семей қаласында – Қарағайлы ықшам ауданында (1800 орын) және Водный кентінде (600 орын) бой көтереді. Сондай-ақ, Аягөз қаласында (600 орын), Ақсуат пен Бесқарағай аудандарында (300 орын) білім беру орындарының құрылысы басталады, - деді облыстың Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқарма басшысы Айдын Бегімбеков.
Басқарма басшысының айтуынша, "Жайлы мектеп" жобасы аясында 2024 жылы тағы 6 мектептің құрылысы жалғасады. 11 мектептің құрылысын екі жыл ішінде аяқтап, 2024 жылдың жаңа оқу жылында пайдалануға беру жоспарлануда.