Абай облысының ауруханалары жаңа көліктермен толықты
Жаңа құрылған облыстың денсаулық сақтау мекемелеріне 5 реанимобиль және 3 инватакси көлігі табысталды
Көліктерді "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры табыстады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Сондай-ақ, Абай облысының жедел медициналық жәрдем станциясы L 410 ұшағымен қамтылды.
Ұшақ медициналық авиация желісі бойынша Павлодар, Өскемен, Аягөз, Үржар ауылдарына қатынауға мүмкіндік береді, - делінген Абай облыстық жедел медициналық көмек станциясының әлеуметтік желідегі парақшасында. - L 410 ұшағы бір мезгілде бірнеше науқасты жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін Абай облысының медициналық орталықтарына тасымалдай алады.
Күні кеше Абай облысының бас мамандары акушер-гинеколог Дайрбеков пен реаниматолог Токенов осы әуе кемесімен алғаш рет Үржар ауылындағы науқасқа жеткізілген.