Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Абай жастары" бағдарламасы бойынша 500-ден астам өтініш түскен

Ағымдағы жылдың 12 қаңтар күні "Абай жастары" бағдарламасына құжат қабылдау аяқталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / "Абай жастары" бағдарламасы бойынша 500-ден астам өтініш түскен

Құжат қабылдау өткен жылдың 22 желтоқсанында басталған болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.

Әкімдіктің мәліметінше, бағдарламаға 18-35 жас аралығындағы жастардан барлығы 514 өтініш келіп түскен.

Конкурстан өткен жағдайда қатысушыға өту туралы хабарланады, егер қатысушы белгіленген уақытта келмеген жағдайда, ЖАО бағдарламаға қатысуға кезекте тұрған келесі өтініш берушіге беруге құқылы, - делінген ақпаратта. - Тексеруден сәтті өткен жағдайда өтініш беруші сатып алуға лайықты баспана табуы керек. Ол үшін оған 30 күнтізбелік күнге дейінгі уақыт аралығы беріледі. Содан кейін 15 күн ішінде өтініш беруші келісімшарт жасауға міндетті. Егер қандай да бір себептермен қатысушы өз міндеттерін орындамаса, Әкімдік қатысуға жолдаманы тізімдегі келесі өтініш берушіге береді.

Үміткерлер тізімі баллдық жүйені ескере отырып (ең көп ұпай саны бойынша) санаттар (аудандар) бойынша қалыптастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың екінші жартысында бюджет қаражатына сай "Абай жастары" бағдарламасы жалғасын табатын болады.

Следующая →