Алматы-Өскемен тас жолы жабылды
Абай облысы аумағындағы Алматы-Өскемен тас жолы жабылды
Бұл туралы жергілікті әкімдік мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Абай облысында 13 қаңтардан бастап қолайсыз ауа райына байланысты (көрінудің шектелуі, бүйірлік жел) жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төніп тұрғандықтан, автомобиль жолдары учаскелеріндегі барлық көлік түрлері үшін Алматы-Өскемен бағытындағы қозғалыс тоқтатылды, - деп жазды ведомстводан.