Семейде көмірді қолмен тасыған сарбаздар алғысқа бөленді
Осыдан бір апта бұрын Семей қаласындаТЭЦ-1 нысанында өрт орын алып, әскерилер көмекке келген
Құрылғылар істен шыққан кезде қала тұрғындарына жылу беруді тоқтатпау үшін қосымша күш ретінде қаладағы әскери горнизонының сарбаздары жұмылдырып, көмірді бункерлерге қолмен тасымалдады. Жылу қазандығындағы әскерилердің ерен еңбегіне бәріміз куә болдық. Абырой болғанда, жедел әрекеттердің арқасында қалаға жылу үздіксіз берілді.
Әскерилердің осы әрекетін бағалаған қала басшылығы олармен кездесіп, алғыс білдірді.
Ел басына іс түскен шақта елім дейтін ерлер аянбай еңбек етіп, қаламызды апаттан сақтап қалуға үлкен үлестерін қосқандары үшін әскери горнизонның сарбаздарына өз алғысымды білдіремін, - деді Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов. - Әскери міндеттеріңізді абыроймен атқарып, қаламыздың дамуына қалтқысыз еңбек ете беріңіздер. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілеймін!