Семейдегі ЖЭО-ға көмірді қолмен салуға мәжбүр
Кеше түн ортасында Семейдегі ЖЭО-1-де өрт шыққан
Өрт толығымен сөндірілді, бірақ көмір беру жүйесі тоқтатылғандықтан отынды қолмен салып жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп.
15 желтоқсанда сағат 00.34-те Абай облысының Семей қаласында 1-ЖЭО-да ұзындығы 6 метр алаңда транспортер лентасы мен электр кабельдері жанған болатын. Сағат 1.36-да өрт толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан қатты отын – көмір беру жүйесінің жұмысы тоқтатылды. Сағат 10-нан бастап Төтенше жағдайлар және қорғаныс министрліктері әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері үздіксіз режимде қазандық агрегаттарына қатты отынды қолмен салу жұмыстарын бастады, - делінген Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында.