Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі студенттер далада қалуы мүмкін

Өскемендегі жатақханалардың бірінде тегін тұрып жатқан студенттерді шығарып жіберуі мүмкін

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі студенттер далада қалуы мүмкін

Мәселе мемлекет тарапынан қаржыландырудың тоқтап қалуына байланысты туындап отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Мыза көшесінде жазда ғана ашылған жатақханада қаладағы түрлі оқу орындарынlа оқитын 200 шақты студент тұрып жатыр. Қақаған қыста студенттер жатақханадан шығарылуы мүмкін. Бұған қаражат мәселесі себеп. Осыған дейін олар бір жатын орынның 30 процентін өз қалталарынан төлейтін. Ал министрлік қалған шығынды мемлекеттік тапсырыс аясында жабатын. Бірақ жеке меншік жатақхананың тиесілі қаражатқа қол жеткізе алмай жүргеніне жарты жыл өтіпті.

Бізге бұның алдында келісімді екі рет жіберген. Алайда оның қолтаңбасы, басылған мөрі болған жоқ. Ал мөр басылған өзіміздің құжат Астанаға жіберілген. Жауабын әлі күтумен отырмыз. Келісім мемлекеттік тапсырыстың веб-порталында ашық түрде көрсетілуі керек. Ол да жоқ, - дейді жатақхана басқарушысы Александра Талхигова.

Студенттер қаржылық қолдаудан қағылса, онда жатын орынның толық құнын, яғни 50-60 мың теңге төлеуге міндет. Бұл әсіресе ауылдан келгендердің қалтасын қағатыны анық.

Жатақхананы босатсақ, бөлмедегі балалармен квартираға түсеміз деп отырмыз. Қалған балалар туысқандары жоқ. Ешқайда бара алмайтындары бар болуы керек. Квартира 110 мың деп тұр төрт адамға, - студенттердің бірі Темірлан Қанафин.

Студенттер шығып жатыр дегенді естісе, одан да көбейтеді ғой бағаны. Студенттерді жаппай шығару ақырғы шара болуы мүмкін дейді жатақхана өкілдері. Кәсіпкерлер екі жыл бұрын ғимараттың құрылысына 700 млн теңге жұмсаған. Есесіне қарызды қайтаруды да естен шығармаған жөн.

Бұлай жалғаса берсе, жатақхана жабылуы мүмкін. Себебі қарызымызды өтеуде мемлекет міндеттемелерді орындай алмай жатыр. Жыл соңына дейін қаржыландыру болмайды деген үрей бар, - дейді жатақхана басқарушысы Александра Талхигова.

Студенттік жатақханалар мемлекеттік инвестициямен толық көлемде қамтылады. Салалық министрліктің жауабы осы. Бұл мәселемен «Қаржы орталығы» атты еншілес ұйым айналысады. Қазір мамандар мемлекеттік сатып алу келісімінің тетіктерін рәсімдеп жатыр.

Расында келісімді рәсімдеу біраз кешіктірілді. Министрлік қайта ұйымдастыру шараларынан өтті. Қазір мәселе шешімін тапты. Келісім қазынашылық жолданып, 2022 жылдың 20 желтоқсанына дейін төлемдер аударылады, - дейді «ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ департаменті директорының орынбасары Диас Жамбылов.

Заң бойынша мемлекеттік тапсырыс келісімі жатақхана иесімен 8 жылға дейін рәсімделеді. Алғашқы жылы екі есе төленеді. Егер бөлмелерде 200 адам тұратын болса, 400 жатын орын субсидияланады.

Следующая →