Семей тұрғыны көлік нөмірін қолдан жазып алған
Семей қаласында жүргізушілердің бірі көлігінің мемлекеттік нөмірін қағазға жазып, жабыстырып алған
Облыс орталығындағы көшелердің бірінде бір түрлі көлік нөмірін байқаған тұрғындар @_osa_semey қоғамдық сайтына оның фотосын жіберген.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Абай облысының Полиция департаменті бұл көлікті Дулатов көшесінен тапқан. "Daewoo NEXIA" көлігінің 28 жастағы жүргізушісі кәсіпкер болып шыққан.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабының 2-бөлігі «Мемлекетік тіркеу нөмірлік белгілері (белгісі) жоқ немесе оны пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқару» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деп мәлімдеді Семей қалалық Полиция бөлімі.