Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қос азаматтығы бар ШҚО тұрғыны екі елдің зейнетақысын қатар алып жүрген

ШҚО Полиция департаменті қос азаматтық бойынша тағы бір фактіні анықтады

Усть-Каменогорск и ВКО / Қос азаматтығы бар ШҚО тұрғыны екі елдің зейнетақысын қатар алып жүрген
Фото:
редакция мұрағатынан

Бір жылға жуық уақыт бойы әйел адам Қазақстан және Ресей елдерінен зейнетақы төлемдерін алып жүрген, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.

Полицейлер 2021 жылы Алтай қаласының 74 жастағы тұрғыны Красноярск өлкесі бойынша шет мемлекеттің азаматтығын алып, Ресей Федерациясы азаматының төлқұжатын рәсімдегенін анықтаған. Алайда бұл туралы ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шетел мекемелеріне хабарламаған. Сонымен қатар, ол бір жылға жуық уақыт бойы Қазақстан және Ресей тарапынан зейнетақы төлемдерін алған.

Қазақстанның құжаттарын пайдаланғаны үшін шетел азаматын Алтай ауданының соты ҚР ӘҚБтК-ның 496-бабы 2-бөлігімен жауапқа тартып, 200 АЕК сомасында айыппұл салды, - деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі. - Енді одан Қазақстанның құжаттары алынып, ҚР азаматтығынан айырылмақ.


ШҚО ПД ұсынған ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері 75-тен астам адам азаматтық туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқа елдің азаматтығын алған жағдайда бұл туралы 30 күнтізбелік күн ішінде Ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасындағы шетел мекемелеріне хабарлау қажет екенін ескертеді.



Следующая →