Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семейдегі аспалы көпір 22 жыл бұрын дәл осы күні қолданысқа берілген

Көлемі жағынан әлемдегі 17-ші орындағы көпір 2000 жылдың 17 қазанында салынып бітіп, халық игілігіне беріліпті

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Семейдегі аспалы көпір 22 жыл бұрын дәл осы күні қолданысқа берілген
Фото:
Абай облысы әкімдігінен

Жоспар бойынша, көпірдің құрылысы толығымен 42 ай ішінде салынып бітуі керек болған, алайда құрылыс нысаны мерзімінен бұрын аяқталып 2000 жылдың 17 қазанында пайдалануға берілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Ертіс өзені арқылы өтетін көпір жобасын жапондық «Исикавадзима-Харима Хеви Индастриз Компани» компаниясы ұсынған. Мұндай көпірлер тек АҚШ, Оңтүстік Корея, Түркия елдерінде ғана салынған.

Семей қаласының мақтанышы саналатын аспалы көпір ТМД мемлекеттерінің ішінде жалғыз, ал әлем бойынша көлемі жөнінен 17-ші орынды иеленеді. Аспалы көпір – қала өңірінің оң жағы мен сол жағын байланыстыратын теңдесі жоқ құрылыс нысаны. Бұл көпірден күніне 60-80 мыңнан астам көлік қаланың ана бөлігінен мына бөлігіне жүйткіп өтеді.

Жаңа көпірдің құрылысы туралы шешім Үкімет қаулысымен 1998 жылы қаңтар айының 24-ші жұлдызында қабылданған. Көпір жер сілкінісіне төзімді етіп жасалған. Көпірдің кеңістіктегі ұзындығы – 750 метр, ал жалпы ұзындығы – 1086 метр. Ені – 35 метр, биіктігі – 90 метр.

Түркияның «Алсим Аларко» фирмасы көпірге келіп тоғысатын 16 шақырымдық жол торабымен айналысқан. Ал оған қатынаған жұмысшылардың 90 пайызынан астамы жергілікті тұрғындар болған. Көпірдің басқа көпірлерден бірден бір ерекшелігі — жол бетіне табиғи асфальт төселгендігі. Табиғи алфальт өте берік және ауыр жүкті транспорттарға төзімді келеді. Мамандардың айтуынша, асфальт Кариб бассейніндегі Тринидад көлінен арнайы тапсырыспен әкелінген екен.

Следующая →