Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семейдегі көппәтерлі үйлердің тозығы жеткен жеделсатылары жаңартылады

Семей қаласындағы барлығы 700-ге жуық жеделсатының жартысынан астамы әбден тозған, кейбірі тіпті істеп шыққан

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Семейдегі көппәтерлі үйлердің тозығы жеткен жеделсатылары жаңартылады
Фото:
редакция мұрағатынан

Семейде апатты жағдайда тұрған жеделсатылардың саны азаяды. Осыған байланысты келесі жылдан бастап тозған жеделсатыларды алмастыру және толығымен жөндеу жоспарлануда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдік ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қаладағы тұрғын үйлерде 675 жеделсаты бар. Олардың 395-і қолдану мерзімінен (25 жыл) асып кеткен. Сондай-ақ 47 тұрғын үйде жеделсаты мүлдем істемейді.

Осыған байланысты көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы әзірленді. Аталған бағдарлама бойынша пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың иелері мемлекет көмегінің арқасында жеделсатыларды ауыстыра алады. Яғни, мемлекет тарапынан құны төленген соң, тұрғындар ортақ мүліктегі үлесіне сәйкес 7 жыл ішінде қаражатты қайтаратын болады, - делінген хабарламада.

Жеделсатыларды ауыстыру үшін тұрғындарға:

1. Бағдарламаға қатысуға өтінім беру;

2. Ақау туралы акт хаттамасын, коммерциялық ұсыныс және әрбір пәтерге төлем кестесін бекітіп, тұрғындар мен лифт жабдығын жеткізуші арасынан бастамашыл топ мүшелерін таңдау;

3. «Семей тұрғын үй» КММ басқару органымен, операторымен және жеделсаты жабдығын жеткізушімен лифтті ауыстыру туралы шарт жасасу қажет;


Тұрмысы төмен азаматтарға жергілікті бюджет есебінен тұрғын үйді күтіп ұстауға ақы төлеу үшін көмек көрсетіледі. Ол үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласу қажет.

Барлық сұрақтар бойынша, сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін тұрғындар Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне және тұрғын үй инспекциясына хабарласа алады.

Следующая →