Семейде тұрғын үйлердің маңында қамыс өртеніп кетті
Тілсіз жау тұрғын үй секторынан 100-150 метр жерде тұтанған. Алайда жалын үйлерге тарап үлгермеді
Семей қаласында Пржевальский көшесінің бойындағы 3 гектар аумақта қамыс жанып кетті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт 16 қазан сағат 18.00 шамасында шыққан. Ең жақын тұрғын үй секторы жанып жатқан қамыстан 100-150 метр қашықтықта болған, - делінген хабарламада. - Оқиға орнына облыстың ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың күш-құралдары жіберілді.
Елуден астам өрт сөндіруші қызыл жалынның жеке тұрғын үй секторына таралу қаупінің алдын алды, ешкім зардап шеккен жоқ. Сағат 20.22-де өрт сөндірілді.
Айта кету керек, аймақтың қатты батпақтануы, өрт сөндіру техникасын толық қолдана алмау және желдің болуы тілсіз жауды сөндіруге кедергі келтірді.