Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Сенат депутаты Абай облысындағы мәселелер бойынша Премьерге сауал жолдады

Сенат депутаты Айнұр Арғынбекова Абай облысының ескірген жылу-электр орталығы мен аяқталмаған тұрғын үйлері мәселесін көтеріп, Премьер-Министрге сауал жолдады

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Сенат депутаты Абай облысындағы мәселелер бойынша Премьерге сауал жолдады

Депутат жаңадан құрылған облыста әлеуметтік маңызы бар объектілерді жөндеуге қаржының жоқтығы түйткілді мәселе екенін жеткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сенатордың айтуынша, жылыту маусымы кезінде жағдайы нашар жергілікті ЖЭО Семей қаласы тұрғындарының денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп отыр.

Биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Жылукомунэнерго» МКК несие қарызы 2,9 млрд теңгеге жеткен, оның ішінде жалақы бойынша қарыз – 318 млн теңге. Түскен барлық қаражат жалақы төлеуге жұмсалады. Жылыту маусымының үзіліп қалу қаупі бар, бұл климаты қатал аймақтағы халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларға әкелуі мүмкін. Оны ҚР Үкіметінің резервінен 1,4 млрд теңге сомасында қаржы бөлу арқылы қолдау қажет. Есеп-қисап жасалды, қаржылық негіздеме бар, - деді Айнұр Арғынбекова Сенаттың бүгінгі отырысында.

Сонымен бірге, депутат өңірде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығының құрылысын аяқтау туралы Президент тапсырмасын еске салды. Оның құрылысына бұрын 5,4 млрд теңге бөлінген болатын, бірақ содан бері құрылыс материалдары мен жабдықтардың қымбаттауына байланысты жобаны түзетуге тура келді.

Бюджет заңнамасына сәйкес жоба құнының қымбаттауына байланысты шығыстар жергілікті бюджет есебінен берілуі тиіс. Алайда Абай облысында қаржының жетіспеушілігін ескере отырып, ҚР Үкіметінің резервінен 1,9 млрд теңге қаржы бөлу мәселесін қарауды сұраймын, - деді сенатор.

Депутат құрылысы аяқталмаған көппәтерлі үйлер проблемасын да көтерді. Абай облысында 400 отбасыға арналған 6 үйдің құрылысы бітпеген. Олардың құрылысы материалдар бағасының қымбаттауына байланысты тоқтатылған. Сенат депутаты осы объектілердің құрылысын аяқтау мен жөндеу үшін жетіспейтін ақшаны Үкімет резервінен бөлуді сұрады.

Следующая →