Ертең ШҚО тұрғындарына ашық ауада жүруді шектеген жөн
Ертең, 14 қазан, Қазақстанның бірнеше қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі
13 қазаннан сағат 21.00-ден 14 қазанның сағат 21.00-ге дейін Семей, Өскемен және Риддер қалалары бойынша күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Бұл күні мамандар халыққа нені шектеу керектігін ұсынады?
- ашық ауада болу уақытын қысқартыңыз, әсіресе автомобиль жолдарының немесе басқа ластану көздерінің жанында. Балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден бас тартуы керек;
- тұрғын үй-жайларда және жұмыс орындарында ылғалды тазалауды жүргізу;
- өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауада болған кезде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек;
- үйге оралғанда мұрын мен тамақты шайыңыз.
Сондай-ақ, ертең ШҚО-да ауа райы жауын-шашынсыз. Шығыстан 1-6 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2° аяз, күндіз 16-18° жылы болады.