Семей қаласындағы жылу жүйелерінің жартысынан көбі тозған
Қаладағы үйлердің 60%-ына, білім беру нысандарының 73%, медициналық нысандардың 85%-ы жылуға қосылған
Семей шаһарында биылғы жылу маусымы 29 қыркүйек күні басталған болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Қала тұрғындарының жылу беру мекемесі алдындағы қарызы - 73 млн теңге, - дейді "Жылукоммунэнерго" МҚК басшысы Серік Түленбергенов. - Осы аптаның аяғында қала жылуға толық қосылады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда қаланы жылуға қосу 95%-ға дайын.
Сала басшысы жылу жүйелерінің 62 процентінің тозығы жеткеніне қарамастан, қыста тұрғындардың жайлылығы үшін бар жағдайды жасауға тырысатындарын айтты.