Глубокое ауданында көпбалалы отбасыларға тұрғын үй салынып жатыр
60 пәтерлі баспаналар көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға беріледі
Бұл туралы Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тұмашинов өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Осы мақсаттағы жұмыстарға биыл республикалық және облыстық бюджеттен 310 миллион теңге бөлінеді. Мұның 170 миллионы "Бір қабатты шығыс" бағдарламасы бойынша салынған қос пәтерлі бес тұрғын үйді сатып алуға жұмсалады. Жоба 2023 жылы да жүзеге асады, - деді аудан әкімі Эльдар Тұмашинов.
Спикердің сөзіне сүйенсек, биыл Глубокое ауданындағы 31 елді мекенде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу, қайта жөндеу, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қолданыстағы даму жоспарларына сәйкес 120-дан астам жобаны іске асыруға бюджеттен 2,9 млрд теңгеден астам қаражат бөлінуі тиіс.