Семей күніне орай аспалы көпір астындағы демалыс орны ашылады
Семей қаласының туған күні 18 қыркүйек күні облыс дәрежесін алғалы бері тұңғыш рет тойланады
Мерекелік шаралар 17 қыркүйек күнінен басталады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Туған күн 18 қыркүйекте Абай облысындағы тұңғыш марафон сайысымен басталады. Бүкіл қала ішімен жүгіретін қала және қала қонақтары осылайша спортты ұштастыра отырып, шаһар тарихымен танысады. Спортпен бұрыннан шұғылданатын, сондай-ақ салауатты өмір салтына енді бет бұрған тұрғындарға қолайлы болуы үшін 3, 5, 10 шақырымдық қашықтық ұсынылады.
Марафон Абай алаңынан басталып, Абай көшесі, аспалы көпір, сол жағалау айналма жолы, Тәңірбергенов көшесі, көлік көпірі, Шмидта көшесі арқылы өтеді, - деп мәлімдеді Абай облысы әкімдігі.
Сағат 9 бастап түске дейін жағалауда көрме, байқаулар, шахмат турнирі, флешмобтар өтеді.
Невзоровтар отбасы мұражайында, Абай мұражайында, Достоевскидің тарихи-өлкетану мұражайында ашық есік күні өтеді.
Сағат 11-ден кешке дейін орталық алаңда мерекелік концерт өтеді. Сондай-а,қ Ертіс жағалауында, арбатта және Абай алаңында концерттік бағдарламалар қарастырылған. Арбатта тарихи өлкетану мұражайы "Семей - өткенге саяхат" атты көшпелі көрме өткізуді жоспарлап отыр. Келушілерге фотоға түсетін арнайы аймақ қарастырылған.
Орталық алаңда кітап көрмесін, библиокафе, Достық үйі этно-мәдени орталықтарының шеберлер қалашығын, тұрғындардың онлайн құттықтау алаңын, М. Әуезовтің 125 жылдығына арналған көшпелі көрмені тамашалауға болады.
Сағат 13.00-де Ертіс жағалауында талантты жастардың Jastar fest атты фестивалі өтеді, кейін мерекелік концерт және Семей қаласының туған күні құрметіне мерекелік отшашу атылады.
Бұл күні сондай-ақ аспалы көпір астындағы қоғамдық орын ашылады. Ол жерге уоркоут алаңқайлар, скейт парк, паркур алаңдары жасалған. Көпір асты алаңы бірнеше бөлікке бөлінген. Стритболға арналған спорттық аймақ, фитнес аймақ және балалар ойын алаңы. Ертіс жағалауына жақын маңда тамақтану павильондары жұмыс істейді. Оның бәріне жарық пен көше жиҺазы қойылған, - деп мәлімдеді әкімдіктегілер. - Жалпы қала бойынша биыл 12 жаңа қоғамдық орындар жасалатын болады. Қала күні және Абай облысының құрылуы, сонымен бірге Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы құрметіне Семей қаласында балалар футболының І-ші дәстүрлі турнирі өтеді.