Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да өрт саны 15%, ал адам өлімі 36%-ға азайған

Жылыту кезеңі қарсаңында ШҚО ТЖД мамандары 13 292 ауланы аралап шықты

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да өрт саны 15%, ал адам өлімі 36%-ға азайған
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығында өткен брифингте ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан кең ауқымды жұмыс туралы айтып берді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО ТЖД мамандарының рейдтері, акциялары, нұсқаулықтар таратып, тұрғын үйлерді аралауы 2021 жылмен салыстырғанда биыл өрт санын 15%-ға азайқан (2022 ж. - 376, 2021 ж. - 444).

Адам өлімі де 36%-ға азайды (2022 ж. - 14, 2021 ж. - 22). Ағымдағы жылы өрт кезінде балалар өліміне жол берілген жоқ. Өрттің негізгі себептері отты абайсыз қолдану (148 жағдай) және пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (94 жағдай) болды, - деп атап өтті Нұржан Өміржанов.

ШҚО ТЖД ақпаратына сүйенсек, облыс аумағында әлеуметтік осал санатқа жататын отбасылардың 3 174-сі пешпен жылытылатын үйде тұрады. Қазіргі уақытта департамент мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, осы үйлерді аралап шықты. Жоғарыда аталған үйлерде 2 357 бұзушылық орын алған. Оның ішінде: 1 613-і пешпен жылытумен, 573-і электр желілері мен электр жабдықтарын пайдаланумен байланысты, 171-і өзге де бұзушылықтарға жатады (атап айтқанда газ баллондарын сақтау және пайдалану кезінде, эвакуациялық жолдардың қоқыстануы, ірі жемшөптерді, пішенді сақтаудың бұзылуы, өртке қарсы аралықтардың болмауы).

Өңір аумағында жеке тұрғын үй секторында үйлерді аралау қайта жанданды. Қазірдің өзінде 13 292 аралау жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша 2 941 үй тіркелді, онда 4 182 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу анықталды.

Меморандум аясында "Қазмырыш" ЖШС 2 140 улы газ датчигі, Катонқарағай ауданының әкімдігімен 200 датчик бөлінді. Барлық датчиктер қалалар мен аудандарға бөлінген. Суық ауа райы басталғанға дейін олар орнатылатын болады. Айта кетейік, аталған датчиктер Саны тізімдегі әлеуметтік осал азаматтарға жататын барлық үйлерді 100% қамтиды, Глубокое және Күршім аудандарын қоспағанда, бұл аудандарда датчиктерді қамту 60%-ды құрайды.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО ТЖД Өрт қаупі