Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өрт сөндіру кезінде қаза тапқан Айдос Тоғызбаевтың отбасына "Айбын" ордені табысталды

Сонымен қатар, 3 бөлмелі пәтердің сертификаты да берілді

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Өрт сөндіру кезінде қаза тапқан  Айдос Тоғызбаевтың отбасына "Айбын" ордені табысталды
Фото:
Абай облысы әкімдігінен

Бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев және ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков дала өртін сөндіру кезінде күйік шалып, қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына ҚР Президентінің атынан ІІІ дәрежелі "Айбын" орденін табыстады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

imgonline-com-ua-Resize-Lm47OICNPaOkc1.jpg

Одан өзге, отбасымен бірге орман өртінің алдын алған Бесқарағай ауылының тұрғындары - Жанболат и Анаргүл Рүстемовтердің отбасына да алғыс хат пен тұрмыстық техника табысталды.

Айта кетейік, өткен аптада Жанболат Рүстемов отбасымен бірге жекеменшік көлігімен келе жатып, орманнан шыққан түтінді байқайды. Рүстемовтер отбасы бірден тиісті орындарға телефон шалып, отты өздері сөндіре бастады. Канонер филиалының орман өртін сөндіру стансасы мамандары келіп жеткенге дейін Рүстемовтер отбасы өртті сөндіріп үлгерген болатын.

Сондай-ақ, Бақыршық әскери-құтқару бөлімшесінің маманы Қуат Байғазиновке облыс әкімінің алғыс хаты жолданды. Жарма ауданында болған дала өрті кезінде Қуат Байғазинов өрт сөндіруші Айдос Тоқызбаевқа жедел жәрдем мамандары келгенге дейін алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткен.

Айта кетейік, өткен аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы жарлығына сәйкес төтенше жағдай кезінде жасаған ерлігі үшін:

  • Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлы - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен;
  • Нұрлан Сәлімжан - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі, "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған болатын.


Следующая →