Абай облысындағы шалғай ауылдарда көмір бағасы 23 мың теңгеге дейін барады
Бүгінгі таңда Абай облысының тұрғындарына 375 мың тонна көмір жеткізілді
Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңір халқының көмірге деген сұранысының көлемі 562,2 мың тоннаны құраса, бүгінгі таңда 375 мың тонна көмір жеткізіліп қойған, деп деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Күн сайын көмірдің жеткізілуіне мониторинг жүргізілуде. Барлық деректер "Қаражыра" АҚ, "ҚТЖ" АҚ және халық үшін көмір өткізетін ұйымдармен салыстырылады. Қыркүйек айында Абай облысына шамамен 50 мың тонна көмір жеткізу жоспарланған. Семей қаласы мен басқа да аудандардың тұрғындарын көмір сатылатын орындарында ұзын-сонар кезек, дау-дамай тудырмас үшін жылыту маусымына көмірді алдын ала сатып алуға шақырамыз, - дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы Болат Әбдіралиев.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта барлық тұйық жолдарда көмір бар. Көмірдің орташа бағасы Семейде тоннасына – 10 200-10 500 теңгені құрайды. Ал аудандарда қашықтыққа байланысты тоннасына 9 700-ден 23 000 теңгеге дейін сатылады.